Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісінің жанжалы кісі өлімімен тынды

Төбелес, жаяу жүргінші, көлік жүргізушісі, Жетісу облысы, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 00:52 Сурет: видеодан алынды
Жетісу облысында жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісі cөзге келіп қалып, оның ақыры кісі өліміне әкеліп соққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиғаның видеосы 6 қарашада әлеуметтік желілерде тарады. Видеодан ақырын келе жатқан көліктің жол шетінде теріс қарап отырған адамды сүйкеп өткенін көруге болады. Осыдан соң жүзгізуші мен жаяу жүргінші арасында жанжал туындайды. Көлік жүргізушісі қарсыласына жұдырық жұмсайды. Сұлап түскен ол ес-түсін жоғалтады. Одан кейін айыптының ес-түсінен айырылған адамды көлігіне салып жатқаны байқалады.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған қайғылы оқиға 29 қазанда Үшаралда болған.

"Бетінен қатты соққы алған 40 жастағы ер адам ауруханаға жеткізіліп, келесі күні жансақтау бөлімінде көз жұмды. Күдікті ретінде 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, Алакөл аудандық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген полиция хабарламасында. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі, "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Бұл бап бойынша 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: