Жаңалықтар тізбегі
0

Кәмелет жасына толмаған есірткі қоюшылар түрмеге қамала ма – ҚР ІІМ жауап берді

Есірткі қоюшы жасөспірім, есірткі, ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 16:35 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі "кәмелетке толмағандар есірткі қылмысы үшін бас бостандығынан айырылмайды" деген кең тараған пікірді жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарашаның 7-сі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов есірткі қоюшыларға жасы мен басқа да жағдайларды ескере отырып, орта есеппен 7,5 жыл кесілетінін атап өтті.

Бұл жаза кәмелетке толмағандарға да қолданылады.

"Әрине, оларды куратор Telegram арналары арқылы бүркеншік атпен жалдаған кезде, оларды шатастырады. Оларға "Егер сені полиция ұстаса, кәмелетке толмағандықтан, сені босатып жібереді" деп сендіреді. Ақиқаты оларды түрмеге отырғызады. Бас бостандығынан айыру мекемесіндегі ең жас есірткі қоюшы 14-те". Бақытжан Әмірханов

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 10 айында 30 кәмелет жасына толмаған есірткі қоюшы ұсталған. Есірткі қоюшылар көбіне жарнама сайттары арқылы жалдайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: