ҚР СІМ: Біздің елшілік Львовта жұмысын жалғастырып жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігі, Украина, Киев, Қазақстанның Украинадағы елшілігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 15:51 Сурет: t.me/KZembassyinUKR
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украинадағы Қазақстан Республикасының елшілігі Киевке оралды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат Telegram арналарының бірінде пайда болды.

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Киевке оралды. Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі дәл сол жерде орналасқан: Ильенко көшесі, 26, – делінген хабарламада.

Наурызда Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі Киевтен Львовқа уақытша көшірілді.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Сыртқы істер министрлігіне хабарласты.

Біздің елшілік Львовта жұмысын жалғастырып жатыр. Елшілік ғимаратын күзетіп, оған күтім жасауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің бірі Киевке жіберілді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: