Жаңалықтар тізбегі
0

Антикор тәркіленген Еуропа мен Дубайдағы виллалар мен элиталы үйлерді көрсетті

Вилла, Дубай, Антикор, заңсыз активтерді қайтару, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 23:05 Сурет: видеодан алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 7 қарашада заңсыз жолмен табылған активтерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Мәскеудегі бес пәтер, Дубайдағы екі вилла, Ыстамбұлдағы пәтер, Францияның Антиб қаласындағы бір үй мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикор хабарламасында сотқа мыңнан астам қылмыстық іс жолданғаны, олар бойынша 282 млрд теңге залал өтелгені нақтыланады. 

"2021 жылдан бастап бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 млрд теңге сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілді. Оның ішінде 159,8 млрд теңгесі шетелдік юрисдикциялардан түскен ақша қаражаты түрінде. Бұл сома мемлекет бюджетіне түсті". Антикор

Ведомство мәліметінше, Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге, Түркиядан 253 млн теңге қайтарылды.

Сондай-ақ Антикор Дубайда орналасқан виллалар, сондай-ақ Мәскеудегі элиталық пәтерлер, Францияның Антиб қаласындағы үй, Алматы мен Астанадағы бизнес-орталықтар мен қонақүйлер көрсетілген видеоны жариялады.


Ведомство өкілдері заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдарда тіркелген жемқорлық қылмыстарға ерекше назар аударады. Жыл басынан бері өңірлерде барлығы 215 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 137-сі – басшылар. Жемқорлыққа ұшыраған мемлекеттік қызметшілердің ең көп саны Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарына тиесілі", делінген хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: