Алматыда науқасты тексеру кезінде жедел жәрдем дәрігері мен фельдшер соққыға жығылды

Жедел жәрдем, Алматы, дәрігер, фельдшер, соққыға жығылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 20:25 Сурет: Zakon.kz
Кезекті шақырудан қайтып келе жатқанда жедел жәрдем қызметкерлеріне ер адам көмекке жүгініп, әйелін қарауды сұраған. Әйелді тексеру кезінде ер адам дәрігер мен фельдшерді соққыға жығып, денсаулықтарына зиян келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта құқыққа қайшы әрекет жасаған адамға қатысты Алатау ауданының полиция басқармасында іс тіркелген.

"Бүгінгі таңда зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: