Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда журналистерге шабуыл жасағандарға қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі, Алматы, журналистер, шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 19:12 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының Ювеналды сотында журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген айып бойынша Т-ға қатысты, сондай-ақ бұзақылық жасау және бөтеннің мүлкін қасақана жою бойынша кәмелетке толмағандар - К, Т, С, А-ларға қатысты іс қаралды (ҚК 293, 202-бап), деп хабарлайды Zakon.kz.

Т-ға қатысты журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтірді, жеке өмірге және дербес деректерге қол сұғылмаушылықты бұзды, кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартты, қорқытты, бұзақылық жасады, ақпараттық жүйенің жұмысын бұзды және бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірді деген айыптар тағылды (ҚК-нің 158, 147, 132, 115, 293, 207 және 202 баптары).

Сотта Т-ның 2022 жылғы шілде - 2023 жылғы ақпан аралығында жеке тұлғаның келісімінсіз, оның дербес немесе отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы мәліметтерді заңсыз жинап, оны Интернет арқылы БАҚ-қа таратқаны анықталды.

"Сонымен қатар, ол кәмелетке толмаған 4 тұлғаны қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға тартқан. Кәмелетке толмаған сотталушылар - К, Т, С, А. бөтеннің мүлкіне зақым келтірген, сондай-ақ бұзақылық жасаған, атап айтқанда редакция ғимаратының шыны есіктері мен терезелерін сындырған, содан кейін автокөлікті қасақана өртеп, жәбірленушіге ауқымды мөлшерде залал келтірген", делінген сот хабарламасында.

Т. мен кәмелетке толмаған К., Т., С., А.-ның кінәлары айыпкерлердің мойындау түсініктемелері және жәбірленушілердің айғақтары арқылы, сонымен қатар тергеу барысында жиналған және сот процесі уақытында зерттелген басқа да дәйектер арқылы дәлелденді.⠀

Прокурор барлық сотталушыларды айып тағылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тануды және қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаны өтеуді түпкілікті тағайындауды сұрады.


"Сот үкімімен Т. аталған қылмыстар үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Кәмелетке толмағандар К, Т, С, А. да кінәлі деп танылып, оларға 1 жыл 4 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Екі жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды. Моральдық залалды өтеу есебінде сотталушы Т. және кәмелетке толмаған сотталушылардың заңды өкілдерінен 3 млн теңге өндірілді". Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: