Алматыда доңғалағы балшық көліктердің жүргізушілеріне айыппұл салынып жатыр

Айыппұл, Алматы, доңғалағы балшық көліктер, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 21:50 Сурет: polisia.kz
Көбінесе құқық бұзушылық деректері әлеуметтік желі арқылы түскен хабарламаларды талдау барысында арнайы мониторингтік топпен, патрульдік және табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен анықталуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлерімен құрылыс алаңдарында тұрақты рейдтер өткізілді.


"Соның нәтижесінде өткен бір тәулікте жолдың жүріс бөлігіне қоқыс шығарудың 9 дерегі анықталды. Осыған байланысты Алматы полициясы аталған құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының санкциясында 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл түріндегі жаза қарастырылғанын еске салады", делінген полиция хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: