Жамбыл облысында сексеуіл заңсыз кесілген

Сексеуіл, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2022 17:29 Сурет: wikimedia
Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары облыстық тас жолды жөндеп жатқан серіктестіктің сексеуілді заңсыз кескенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйым жолдың ені нормасын 4 метрге бұзып, Қызыл кітапқа енген өсімдіктің 5 текшесін жойған. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастады.

Сексеуіл – әлі де жойылу қаупінде тұрған өсімдік. Еліміздің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуілдің барлық түрін 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін кесуге тыйым салынады.Жамбыл облысының полиция департаменті

Мемлекетке келтірілген шығын анықталды. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: