Жамбыл облысында қарақұйрықты заңсыз аулау дерегі анықталды

Жамбыл облысында қарақұйрықты заңсыз аулау дерегі анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 20:33 Сурет: polisia.kz
Облыстың табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері мен табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының “Сапсан” жедел қызметі инспекторларының бірлескен рейдтері барысында заңсыз аң аулау дерегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл ауданы аумағындағы мемлекеттік орман қоры жеріне жататын құмды алқапта орналасқан қойшының үйінен жабайы жануар — қарақұйрықтың бөлшектелген денесінің бөліктері табылды.

Ер адам жануарды заңсыз аулап, оны бөлшектеп, етін тұрғылықты жеріне жеткізгені белгілі болды. Сондай-ақ ол тіркелмеген 16 калибрлі аңшы мылтығы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды заңсыз аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: