Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда Экологиялық сот құру ұсынылды

Экологиялық сот, құру, ұсыныс , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 19:46 Сурет: astana.sud.kz
Жоғарғы соттың судьясы Бейбіт Шермұхаметов "Параграф" ақпараттық жүйесі мен Fortune partners ұйымдастырған Экологиялық форумда елімізде өз алдына бөлек экологиялық сот құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шермұхаметов экологиялық дауы істерді қарауда белгілі бір проблемалар бар екенін мойындады.

"...Ең алдымен судьяның жұмысында өз кемшіліктері бар, мысалы кәсіби біліктіліктің жеткіліксіздігі, дайындықтың болмауы дегендей. 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін іс жүзінде Жоғарғы сот экологиялық даулар бойынша бір де бір тренинг өткізген емес. Бір де бір. Түсініп отырсыздар ма? Әділет академиясы деген бар, егер сіз 2023 жылға құрылған жоспарды қарасаңыз, ол арадан экологиялық мәселелерді таппайсыз. Бұл дегеніміз нені білдіреді? Бізде мұндай істерді дұрыстап қарайтын судья жоқ. Егер бұл тақырыпта жұмыстар жасалмаса, мұндай істерді қалай қарауға болады, бұл - біздегі өзекті мәселенің бірі", - деді ол.

Оның айтуынша, соттардың шешімдеріне қалың бұқара наразы.

Сондай-ақ Қазақстанда сот ісін жүргізудің 4 түрі барын және әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар екенін еске салды. Ал экологиямен байланысты барлық нәрсе - интеграцияланған сала.

"Бұл арада экологиялық соттарды құру туралы сөз болып отыр, бұл - соттың жеке түрі. Дүние жүзінде 80-нен астам елде осындайй сот түрі бар, бірақ бізде әлі жоқ. Жалпы, бұл ТМД елдеріне тән проблема. Балтық жағалауы, Грузия және Армения елдерінде осындай сот құру мәселе ауыр-ауық көтеріліп отырады. Ал біз қайда қарап отырмыз? Бізде Арал мәселесі, судың тартылуы, шөлейтті жерлер, жер қойнауын тонау мәселесі бұрыннан бар емес пе", - деді судья.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: