Қажылыққа барушыларды алдаған туристік фирма басшысы ұсталды

Қажылық, алаяқтық, туристік фирма, Zam Zam Qazaqstan, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2023 11:34 Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу нәтижесі бойынша "Zam Zam Qazaqstan" туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді.

"Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды. 22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды", делінген ІІМ хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары әлі жүргзіліп жатыр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: