ҚМДБ "медреседе қыздарды жыныстық қарым-қатынасқа итермелеген" деген ақпаратты жоққа шығарды

Фейк, әлеуметтік желі, медресе, қыздар, ҚМДБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2023 13:07 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде "Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қарым-қатынасқа итермелеуде" деген мазмұнда пікір тарап, жұртшылықтың наразылығын тудырды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бұл ақпаратты түбегейлі жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайтынын мәлімдейміз. Мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз", делінген жазбада.

Фейк, әлеуметтік желі, медресе, қыздар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2023 13:07

Сурет: әлеуметтік желіден алынды


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: