Шетелдіктен көп ақы талап еткен астаналық такси жүргізушісі айыппұл арқалады
Сурет: polisia.kz
Сондай-ақ таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қарашада 102 арнасына "Дипломат" қонақ үйінің әкімшісіне Үндістан азаматынан Астана әуежайынан өзін қонақүйге жеткізгені үшін такси жүргізушісі 45 000 теңге алғанын жеткізіп шағымданған.
"Іздеу іс-шараларын өткізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері елордалық таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады. Ол шетелдікті алдап, халықаралық әуежайдан қонақүйге дейінгі бағаны әдейі көтерген. Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді", делінген полиция хабарламасында.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып (Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу), 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынғаны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript