Қазақстанда желтоқсандағы мерекеге орай қосымша пойыздар жүреді

Қазақстанда желтоқсандағы мерекеге орай қосымша пойыздар жүреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 11:13 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелеріне орай жолаушылар сұранысының артуына байланысты КТК қосымша пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мына бағыттар қосымша рейстер орындайды:

№201/202 "Нұр-Сұлтан 1 – Шымкент" – астанадан үш рейс 15, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1 қаңтары жүреді. Шымкенттен 16, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2 қаңтары жүреді.

№203/204 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы 2" – бес рейс "Нұрлы жол" вокзал кешенінен 15, 28, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1, 2 қаңтары жүреді. Алматыдан  2-16, 29, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2, 3 қаңтары жүреді.

Пойыздар стандартты купеден және резерв вагондардан тұрады.

"Сонымен қатар Астанадан Павлодарға №7510/7509 электр пойызының қосымша рейсі белгіленген. Пойыз елордадан биыл 15, 29, 30 желтоқсанда, қарсы бағытта – 18 желтоқсанда және 2024 жылдың 2 қаңтарында шығады", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: