Республика күніне орай қосымша пойыздар іске қосылды

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезда, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, скоростной поезд, Тальго, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 12:26 Фото: rail-news.kz
21 қазаннан бастап елімізде жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздар тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" АҚ-ның ақпаратынша, олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

  • №630/629 пойызы "Ақтөбе-Шалқар" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;
  • №204 пойызы "Астана-Шымкент" бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
  • №216 пойызы "Шымкент-Алматы" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
  • №201 пойызы "Алматы-Астана" бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.
"Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша 2024 жылғы 25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады. Бұдан өзге , 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда «Ерейментау-Астана-Көкшетау» бағытындағы №6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамына қосымша вагондар қосылады.

Бұған дейін Қарағанды базарларының бірінде полицейлер пойызда бірнеше рет жолаушылардың жеке заттарын ұрлаған күдіктіні ұстағаны хабарланды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: