Пойызда бір күнде бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 09:01 Фото: pexels
Қарағанды базарларының бірінде полицейлер пойызда бірнеше рет жолаушылардың жеке заттарын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, күдікті ер адам Көкшетау – Қызылорда пойызында Астанадан Қарағандыға бара жатқан жолда жолаушылардың ұйықтап жатқан сәттерін пайдаланып, үш телефон мен жеке заттары салынған сөмкені ұрлап үлгерген.

"Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр". ҚР ІІМ

Ішкі істер министрлігі жол бойында азаматтардың мүлкі мен тыныштығын сақтайтын қарапайым қауіпсіздік шараларын еске салады:

  • Мүлікті қараусыз қалдырмау,
  • қырағы болу, бағалы заттарыңызды өзіңізбен алып жүру және қауіпсіз жерде ұстау өте маңызды;
  • Заттарыңызды бейтаныс адамдарға сеніп қалдырмаңыз;
  • Ақшаға құмар ойындарға қатыспаңыз;
  • Үлкен көлемдегі қолма-қол ақшаны алып жүрмеңіз, банк қызметін пайдаланыңыз.Әйтпесе, ақшаны бірнеше бөлікке бөліп, сөмкеңіздің әртүрлі жерлеріне жасыру керек;
  • Пойызда ұры кез келген адам болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн – жас әйел, қарт адам немесе тіпті жасөспірім;
  • Егер пойызда кез келген заң бұзушылыққа тап болсаңыз, бірден жолсерікке және полицияға хабар беріңіз.

Бұған дейін Хромтаудағы жоғалған қазақстандықтың бөлшектенген күйі "бөтелкелесінің" мұздатқышында табылғандығы хабарланды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: