Жамбыл полицейлері автокөліктердің салонынан бірнеше рет ұрлық жасағандарды ұстады
Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында бірнеше рет азаматтардың автокөліктерінен жеке мүлкін ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараз қаласындағы полиция бөліміне бірнеше тұрғын көліктерінен жеке заттарының ұрланғаны туралы шағымданған.
Белгісіз тұлғалар қала көшелеріндегі көлік тұрағына қойылған көліктерге жасырын кіріп, ішінде қалдырылған заттарды, сондай-ақ аккумуляторларды ұрлаған. Бұзақылар көліктердің терезелерін сындырып, есіктерді әртүрлі жолмен ашқан.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады. Олар Тараз қаласының 17 және 19 жастағы тұрғындары болып шықты.
Ұсталғандар кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз
Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript