Алматы метрополитенінде қарбалас уақытта пойыз қозғалысының жиілігі қысқартылды

"Алматы қ. метрополитені" КМК баспасөз қызметі ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 10:35 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін және жолаушылар ағынының артуына байланысты Алматы метрополитені желісіне екі қосымша электр пойызы шығарылды.

Бұл таңғы және кешкі қарбалас уақытта пойыздардың қозғалыс аралығын 3 минут 6 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Аталған өзгеріс жолаушылардың сапарларын барынша ыңғайлы етуге және қарбалас сәттерде пойыздарға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

"Қазіргі уақытта 13 құрамның қатар жүруі жолаушылардың платформада күту уақытын қысқартып, адам көп жиналуын болдырмауға мүмкіндік береді." "Алматы қ. метрополитені" КМК баспасөз қызметі

Метрополитен мамандары жолаушылар ағынын үнемі бақылап, пойыздар қозғалысының кестесіне қажетті өзгерістерді жедел енгізуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: