Жаңалықтар тізбегі
0

55 келі мефедрон: Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

Есірткі, мефедрон, Алматы облысы, Қарағанды, Алматы, Абай облысы, Тараз, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2023 10:33 Сурет: ҚР ІІМ
Полиция республика бойынша арнайы операция жүргізіп, бірнеше өңірде есірткі арналарының көзін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олар жеке үйдің аумағында синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын ұйымдастырды.

"Үй-жайларды тінту кезінде 3 тонна прекурсор (есірткі өндіру және дайындау кезінде пайдаланылатын заттар), зертханалық құрал-жабдық (реактор, шыны колбалар) және 55 келі мефедрон психотроптық затының дайын өнімі тәркіленді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Семей полицейлері Алматы қаласының, Абай және Алматы облыстарының аумағында есірткіні өткізу бойынша интернет-дүкен ұйымдастырған Алматы қаласында тұратын 4 тұрғынға қатысты ұзақ мерзімді тексеру операциясын аяқтады.

"Іс-шара бір мезгілде Алматы және Семей қалаларында жүргізілді. Тінту барысында 8 есірткіні буып-түю материалдары, ақшалай қаражаттар мен ноутбуктер тәркіленді. Жүргізілген операцияның қорытындысы бойынша интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды. Күдіктілер ұсталды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде сотталғандарға сәлемдемелер арқылы есірткі заттарын жеткізу арнасы жойылды.

Жамбыл облысының полицейлері Тараз қаласында ұзақ уақыт бойы ірі көлемде героин жеткізумен және өткізумен айналысқан 63 жастағы тұрғынды ұстады.

Жедел-профилактикалық іс-шараның 10 күнінде полиция заңсыз айналымнан 337 келі түрлі есірткі, оның ішінде 87 келі синтетикалық есірткі және 7 мыңнан астам трамадол дәрілік препараттың таблеткасы тәркіленді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: