Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа қатысты сот үкімінің күші жойылды

Болат Бақауов, Павлодар облысының экс-әкімі, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 21:09 Сурет: Instagram/bbakauov
Павлодар қаласының № 2 сотына облыс прокурорының орынбасары жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты өңірдің бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа қатысты іс бойынша өндірісті қайта бастау туралы өтінішхатпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экс-әкім қосымша есептелген салықтарды азайту мақсатында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, соның әсерінен ЖШС-ның салықты төлемегені үшін сотталған. 

"Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеушісінің 2022 жылғы 22 қазандағы қаулысымен сот үкімі шыққаннан кейін мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің салықты қате қосымша есептеуі тұрғысындағы сараптама қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ЖШС-нің салықты төлемеуі туралы іс тоқтатылды".Павлодар қаласының No 2 сотының баспасөз қызметі

Тергеушінің істі тоқтатуына байланысты Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 10 мамырда заңсыз деп танып, қосымша салықты есептеу туралы жариялаған хабарламасының күші жойылды.

Осылайша, мемлекет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірілмеді.

Бұл мән-жай сотқа үкім шығару кезінде белгісіз болған.

"Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты сот прокурордың өтінішімен келісіп, ҚПК 505-бабының негізінде сот үкімінің күшін жойды. Қылмыстық іс әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды".Павлодар қаласының No 2 сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

2020 жылдың қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Болат Бақауовты ұстады. Ол билігін асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынды.

Бақауовтың өзінің туысына тиесілі кәсіпорын төлейтін салық көлемін 200 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін төмендетуді, цифрларды жасыруды тиісті ведомстводан талап еткені анықталды. 

2020 жылдың мамырында ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: