Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға тыйым салатын заңға қол қойды

Ақпараттық қауіпсіздік, заңға қол қойды, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 18:13 Сурет: freepik
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған құжат азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуге, сондай-ақ оларды қылмыстық әрекеттерден қорғауға бағытталған. Заң бойынша жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салынады. Еліміздің қауіпсіздігі мақсатында көшіп келушілердің құжаттарын талап ету ұсынылады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа тетіктер енгізіледі.

Сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығының функциялары кеңейтіледі. Орталық мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріне өзара әрекеттесу бағдарламасымен толықтырылады. Қазір еліміз бойынша 350-ге жуық мемлекеттік ақпараттандыру нысандары жұмыс істейді. Орталық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанында жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында адамдарға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы беріледі. Жалпы заңдағы іс- шаралар кешені мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздігін күшейтіп, электронды үкіметтің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: