Ақтауда экс-прокурор төбелесіп, адам өлтірді деген күдікке ілінді
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі, "Жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша айып тағылды.
Сот санкциясымен құзырлы ведомствоның бұрынғы қызметкері қамауға алынған. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады.
"Күдікті соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деп хабарлайды қадағалаушы орган.
Айта кетсек, екі апта бұрын Ақтауда жергілікті полиция қызметінің бастығы және құқық қорғау органдарының тағы бір қызметкері ұсталған болатын. 26-27 қарашаға қараған түні ойын-сауық орындарының бірінде төбелес болған.
Маңғыстау облысының полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынғанын, сондай-ақ екі қызметкер жұмыстан шығарылғанын растап, күдіктілердің аты-жөні мен лауазымдарын атаудан бас тартқан.