Атырауда адамдар денсаулығына зиян келтірген компанияға 37 млрд теңге айыппұл салынды
Сурет: pexels
Атырау облысында "Оxygenator" ЖШС-ның "Сағыз" полигонында 13 108 тонна қауіпті мұнай қалдықтары үйіліп қалған. Бұл жақын маңдағы 20 мыңнан астам халқы бар Доссор ауылы тұрғындарының денсаулығына тікелей қауіп төндірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Полигон аумағында мұнай шламдарын қайта өңдеу бойынша тиісті жабдық болмағанына қарамастан, аталған ЖШС 2022-2023 жылдар аралығында мұнай компанияларына қызмет көрсетуді жалғастырған. Осыған байланысты, облыстық прокуратура уәкілетті органға тексеру жүргізуді тапсырып, оның нәтижелері бойынша ЖШС-ға ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі, яғни "Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды".Атырау облысының прокуратурасы
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты "Оxygenator" ЖШС-ға 37,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енді.
Өз кезегінде прокуратура меншік нысанына қарамастан мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге нұқсан келтіргені үшін жауапкершіліктің міндетті түрде болатыны туралы ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript