Тараз – Новосибирск әуе рейсі 14 сағатқа кешіккен. Тексеру басталды

Азаматтық авиация комитеті Тараз-Новосибирск бағыты бойынша SCAT әуекомпаниясының DV – 5325 рейсінің кешігуіне байланысты жолаушылар құқықтарының сақталуына қатысты тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылы 20 желтоқсандағы хабарламаға сәйкес, техникалық себепке және әуе кемесін ауыстыруға байланысты ұшақ кестедегі мерзімнен 14 сағат 6 минутқа кешіккен. Әуе кемесінің бортында 214 жолаушы, оның ішінде 14 бала және 2 сәби болған.
"Ұшуды күту кезінде жолаушыларға алкогольсіз сусындар мен тамақ берілді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қонақ үйде орналастыру қызметтері ұсынылмаған". ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ рейсті кешіктіру кезінде тиісті қызмет көрсетудің болмау фактісі анықталған жағдайда, "SCAT" әуекомпаниясын Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі no 235-V ҚРЗ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатыны да нақтыланады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript