Караоке, дәмханаларда қойылатын әндердің авторлық құқығына қатысты шағымдар артқан

Қазақстанда авторлық құқыққа өтінім беру саны артқан. Алайда бұл салада да заңбұзушылық фактілері азаймай тұр. Әйгілі брендтердің атауын пайдаланып, нарыққа контрафактілі өнім шығару бойынша 145 кәсіпкердің үстінен әкімшілік іс қозғалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әділет министрлігінің ресми өкілі авторлар мен композиторлардың да құқығы өрескел бұзылып жатқанын айтты. Атап айтқанда, кейінгі уақытта караоке және дәмханаларда қойылатын әндердің авторлық құқығына қатысты шағымдар артқан, деп хабарлайды 24kz.
"Караоке-барларда ән орындалатын болса, бұл қоғамдық орындау болып табылады. Бұл туындының авторына ақы төленуі міндетті, негізі. Егер де бұл кісі менің туындым орындалды, құқығым бұзылды десе, заңның аясында жауапкершілік қарастырылады. Әділет министрлігі өзі арнайы рейд өткізіп, караоке-барларға айыппұл салуды жүзеге асырмайды". ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript