Уәкілетті орган кәсіпкердің тауар тиелген 11 цистернасын заңсыз ұстаған
Сурет: Zakon.kz
Шымкент көлік прокуратурасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді тобы тексеру жүргізіп, станциялық теміржол жолдарында 11 вагон-цистернаны заңсыз ұсталғанын анықтады.
Құқық қорғау органы қылмыстық ісжүргізу заңнамасын бұзып, тауарларға құқық белгілейтін құжаттарды елемей тексерген. Салдарынан "ҚТЖ" АҚ вагондар бос тұрғаны үшін кәсіпкерге 800 мың теңгеден астам төлем шотын жіберген. Көрсетілген тосын мәжбүрлі шығыннан басқа, кәсіпкер өзінің шарттағы міндеті бойынша тауарды жеткізу мерзімін бұзғаны үшін елеулі материалдық шығынға ұшыраған. Сонымен қатар бұл жағдай кәсіпкердің іскерлік беделін де түсірген.
Прокурорлық шаралар қабылданғаннан кейін ғана кәсіпкердің тауарлары өз бағыты бойынша жүрді.
"Құқық қорғау органының кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге іс жүргізу шешімін қабылдау үшін оларға қатысты материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді". Бас көлік прокуратурасы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript