Атырауда есірткі зертханасының көзі жойылды
Сурет: pixabay
Атырау облысы ПД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кинологтармен бірге өз үйінде фитозертхана жабдықтап, қарасора өсірген 51 жастағы ер адады ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, күдікке ілінген тұрғын тыйым салынған өсімдікті өсіру үшін жарық және жылу шамдарын, суару жүйесін орнатқан.
"Тексеру кезінде фитозертханада салмағы 1 келіден астам 68 түп қарасора тәркіленді" делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері құрамында есiрткi заттары бар, тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript