Астанада халықаралық іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды
31 жастағы Ресей азаматы аса ірі көлемде есірткі заттарын өндіргені, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып сатқаны үшін іздеуде жүргені анықталды.
Ол 2019 жылдың соңынан бастап ресейлік ең ірі "Hydra" даркнет-маркетінің интернет-платформасында "Mr.SANDERS" деген атпен есірткі сататын дүкен құрған. Сөйтіп есірткіні жасырын орындар арқылы таратып отырған. Оған қоса, Омбы облысында жалдамалы пәтерлерде мефедрон есірткі затын жаппай өндірген.
Есірткі сатушы өзі жасаған дәріхананың терезесіне жасырынатын орындардың сипаттамасын жүктеп салған.
"Синтетика" сатып алушылар төлемдерді "Hydra" шотына аудару арқылы жүзеге асырған. Содан кейін қаражат автоматты түрде «Mr.SANDERS» дүкеніне тиесілі криптовалюта биржасының әмиянына аударылған.Ұсталған азаматқа Ресей Федерациясы ҚК-нің 228-бабына сәйкес аса ірі көлемде есірткіні заңсыз өндіру және сату бойынша айып тағылып отыр. Аталған азаматты халықаралық іздеуге Ресейдің Омбы облысы ІІМБ жариялаған.Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Айта кетсек, 26 ақпаннан бастап қалада Дәрмек ЖПІС өтуде.