Күйеуін тапсырыспен өлтіртпек болған күдіктіні қолдау петициясы – полиция түсініктемесі
Ақсай қаласы тұрғынының ұсталғаны туралы ақпарат 1 наурызда пайда болды. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмысқа түрткі себеп мүлікті өзара бөліске салмау және балаларды өз қамқорлығына қалдыру болып табылады.
"Күдіктінің бұл қылмысты жасауға ниеттенгенін жиналған дәлелдемелер және материалдармен расталады. Тапсырыс беруші - күдікті мен ұйымдастырушы қамауға алынды", деп нақтылайды БҚО ПД баспасөз қызметі.
Дегенмен желіде күдіктінің 2013 жылы жәбірленушімен ажырасып кеткенін, ол мүліктің жалғыз иесі болып табылатынын, өз-өзіне қол жұмсау хәліне дейін жеткізген бұрынғы күйеуінен 2023 жылдың сәуірінен бастап қашып, жасырынып жүруге мәжбүр болғанын нақтылайтын петиция жарияланды. Сондай-ақ, петицияда бұрынғы күйеуі оның отбасына бірнеше рет қауіп төндіргені, заңды бұзып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, соған қарамастан құқық құрылымы әрекетсіздік танытқаны және т.б. жазылған. Петиция соңында жәбірленушіні бірнеше бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіледі.
БҚО ПД баспасөз қызметі 14 наурызда аталған фактілерге қатысты түсініктеме берді.
"Тапсырыс берушінің петицияда келтірілген фактілеріне қатысты мынаны хабарлаймыз: 2023 жылы күдікті көп көлемде дәрі-дәрмек ішіп, ауруханаға түскен. Алайда, материал жинау барысында полицияға одан ешкімге шағымданбайтындығы туралы түсініктеме түсті. Жәбірленуші ерекше қажеттіліктері бар адам және мүгедек арбасының көмегімен жүріп-тұрады. Күдіктіні ұрып-соғу туралы келтірген сөздерін БҚО ПД ІӨБ тексеріп, ол расталмады. 2023 жылдың маусым айында күдіктінің дене жарақаты медициналық мекемелерде тіркелмеген", делінген баспасөз хабарламасында.
Полицейлер полицияға түскен арыз негізінде ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын растады. Сондай-ақ 30 тәулікке қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Қорғаныс нұсқамасын бұзу фактісі болған жоқ.
"Жәбірленушінің қызы 21.08.2022 және 06.09.2023 жылы жарақаттармен травматикалық пунктке жүгінген, алайда ол әкесімен байланысты емес, бірақ тұрмыстық сипатқа ие, бұл туралы қыз баланың түсіндірмесі бар. Қазіргі уақытта ер адамның қызымен дөрекі сөйлесуіне қатысты тексеру шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, балалардың эмоционалдық-психологиялық жағдайын, олардың өмір сүру және оқу жағдайларын тексеру үшін БҚО бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен тәуелсіз психологтар үйде болды", - деді БҚО ПД.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты полиция өз тараптарына қатысты әрекетсіздік таныту айыбын негізсіз деп мәлімдейді.
1 наурызда БҚО ПД күдіктілерді ұстау кезінде айыпты растайтын заттай дәлелдерді тәркіленгенін хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, қаруды сатып алу және кісі өлтіруге тапсырыс берген әйел ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген.