Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ енді кешірім сұрағандардың орнына қоғамдық жұмысқа жегілгендердің видеосын жариялайды

Қоғамдық жұмыс, ІІМ, кешірім сұрау, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 20:12 Сурет: pixabay
Полицейлер бұдан былай әлеуметтік желіде жасаған құқық бұзушылығы үшін көптен кешірім сұраған айыптылардың видеосын жарияламайды. Оның орнын көше сыпырған немесе қарттарға көмектескен айыптылардың видеосы басады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты. Ол ІІМ-нің түрлі құқықбұзушылық жасаған айыптылардың қоғам алдында кешірім сұрау тәжірибесінен бас тартып үлгергенін жеткізді. 

"Біз жалпы ақпараттық кеңістікті талдаймыз, оның ішінде жалпы әлеуметтік желі пайдаланушыларының, халықтың пікірін зерделейміз. Адамдарда теріс пікір қалыптасқанын байқадық: айыптылар жауапқа тартылса да полиция оларды күштеп кешірім сұратып, жауаптан жалтарып жатқандай. Жоқ, олар өз еркімен кешірім сұрайды. Жағдайды жеңілдету үшін. Бірақ бұл кері әсер берді. Халық кешірім сұраған айыптылар жазадан сытылып кетеді деп ойлайды", - деді Шыңғыс Әлекешев.

Ресми өкілдің айтуынша, енді кешірім сұраған видеолар болмайды, оның орнына жауапқа тартылғандардың қоғамдық жұмыстарға қалай жегілгені көрсетілетін болады.  


"Осылайша біз жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ бұқара заңның алдында бәрінің тең екенін білуі керек. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Мансабына, басқасына қарамай, қоғамдық жұмысқа жегілгендерді өз міндеттерін қалай орындап жатқанын көрсететін боламыз", - дейді ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: