Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда ер адам құзырлы органға өзін полицейлердің азаптағанын айтып, шағымданды

Жәбірленуші, Ақтау, полицейлер, азаптау фактісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 12:30 Сурет: жәбірленуші ұсынған
Ақтау қаласының тұрғыны жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері өзін соққыға жыққанын мәлімдеді. Ер адам олар өзін азаптау арқылы жасамаған ұрлықты мойнына алуға мәжбүрлемек болғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленуші "Лада" жергілікті басылымына сұқбат беріп, 22 наурызда жұмысқа шығар кезде көлігі от алмай қойғанын жеткізді. Мәселе генератордағы ақаудан туындағаны анықталып, оны шұғыл ауыстыру қажет болады.

"Назым 20 жылдан бері таныс досы Викторды есіне түсіріп,  соның үйіне қарай тартады. Оның 21-ші ықшам ауданда өндірістік базасы бар. Сол арада генераторлар болған. Есігі ашық базаға кірген Назым автоэлектрикке тексертіп алу үшін төрт құрылғыны алады. Бұл жайынан Викторға ескерту мүмкін болмаған, өйткені оның ұялы телефоны сөндірулі болыпты. Көп ұзамай базаға Виктордың ағасы келіп, генераторлардың жоғалғанын анықтайды, сөйтіп полицияға хабар береді", - деп жазады басылым.

Ер адам көлігін жөндеп, қалған генераторларды жүк салғышқа салып, үйіне қарай бет алады. Бір сағаттан кейін жұмысқа бара жатқан жерінен оны жол полициясының қызметкерлері тоқтатады. Оның үстінен арыз түскенін хабарлап, одан өздерімен бірге полиция бөліміне баруды ұсынады.

Оның айтуынша, сол жерде полицейлер ер адамның телефонын тартып алып, өзін балағаттап, генераторларды ұрлау фактісі бойынша қылмысты мойнына алуды талап еткен. 

"Назымның айтқандарын құлағына ілмеген үш полиция қызметкері оны бас-көзге қарамай тепкінің астына алған. Ер адам прокуратураға шағым түсіретінін айтады. Бұл полицейлерді одан сайын ашуландырып, олар соққыны, тіпті үдете түскен. Көп ұзамай оларға ұрлық фактісі расталмағаны, Назымның досы Виктор арыз жазудан бас тартқаны туралы қоңырау келіп түседі. Сол кезде Бауыржан жәбірленушіден кешірім сұрап, прокуратураға шағымданбауын сұрайды. Назым полиция басқармасының ғимаратынан шыға салысымен, бірден қадағалаушы органға арызданды", делінген хабарламада.

Облыстық көпсалалы ауруханада оған кеуде, бас және бет аймағындағы жұмсақ тіндердің көгеруі, сондай-ақ жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы сынды диагноз қойылды.

Маңғыстау облысының полиция департаменті прокуратурада осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, істің мән-жайлары анықталып жатқанын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: