Жаңалықтар тізбегі
0

"Көрмеуі керек еді": Павлодарда қызын өлтірді деп айыпталған әйелге қатысты сот отырысы басталды

Сот отырысы, Павлодар, Милана Давыдова, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 21:36 Сурет: freepik
Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жеті жасар Милана Давыдованың өліміне қатысты алдын ала сот отырысында аталған жайттың егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот отырысында анасы мен сыбайласы жасады деген қылмыстың жантүршігерлік деректері ашылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Cотта 2023 жылдың 17 қарашасында сағат 12:30-да көршілес тұрған ер адам үйде ешкім болмағанын пайдаланып, Давыдовтар отбасына барғаны, үй иесі - әйел адам дәлізде көршісімен ішімдік ішіп, жыныстық қарым-қатынасқа түскені, мектептен оралған Милана Давыдова осы жайттың куәсі болғаны анықталды.  

"Реніш пен ашуға булыққан қыз бала көргендері туралы әкесіне айтып беретінін айтып айқалап, үйге кіріп кеткен. Д. қызын қуып жетіп, бетінен жұдырықтап ұрады. Қыз соққыдан құлаған бетте, анасы белдікпен ұруға көшкен. Алған жарақаттан қыз есінен танып қалған. Бұл жайтты үйге мектептен оралған інісі көрген",– деді прокурор. 

"Милана ес-түссіз жатқан кезде анасы көрші-танысын шақырып, оған белдікті беріп жіберген. Ер адам белдікпен баланы тұншықтырып, өлтірген. Оқушының денесін үйдің жанында болған металл цистернаның астына жасырған", делінген басылым хабарламасында. 

Анасы мен көршісіне қатысты ҚР ҚК-нің 99-баптың үшінші бөлігі бойынша "Адам өлтіру" деген айып тағылуда. 

Айта кетсек, 2023 жылы Екібастұз қаласының Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылында жоғалған жеті жасар қыз бала үш күн бойы іздестірілді. Жалпы іздестіру жұмыстарына 500-ден астам адам және 100 техника мен, тіпті ұшақ та жұмылдырылған болатын. Кейіннен баланың денесін полицейлер тапты. Милана Давыдованы өлтірді деген күдікпен анасы мен оның танысы ұсталды. Күдіктілер өз кінәсін мойындаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: