Ақтөбе облысында “синтетиканың” 2 мыңға жуық дозасы тәркіленді

Ақтөбе облысында “синтетиканың” 2 мыңға жуық дозасы тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2024 12:11 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің 27 наурыздағы мәліметіне сай, Ақтөбелік ер адамнан синтетикалық есірткінің 2 мыңға жуық бір реттік дозасы тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстағы ПД есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 35 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Тергеу барысында күдіктіден ұнтақ заты бар 126 байлам тәркіленген. Артынша қызметтік иттің көмегімен жалдамалы пәтерді тінту барысында ұнтақ заты бар 10 zip-пакет табылған.


Сараптама нәтижесінде, табылған заттар мефедрон психотроптық заты болып шықты. Жалпы салмағы 275 граммнан асады. Тәркіленген 2 мыңға жуық бір реттік доза, 7 млн теңге сомасында.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: