Жаңалықтар тізбегі
0

Аға инспектор зәбір көрген оқушы қыздар туралы: 90% жағдайда жақын адамдары зорлайды

Оқушы қыз, зорлық-зомбылық, Павлодар облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2024 19:34 Сурет: freepik
Павлодар облысында 2024 жылдың барысында кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы бойынша 16 қылмыс анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина мәлім етті.

"2024 жылдың бірінші тоқсанында кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық іс-шара барысында әкімшілік учаскелерде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы қарсы 16 қылмысты анықтады. Мұндай қылмыстардың екі фактісі  қылмыстық істерді тергеу кезінде белгілі болды. Ал салыстырмалы түрде айтсақ, былтырғы жылдың осы кезеңінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы тоғыз қылмыс жасалған", деп Pavlodarnews.kz аға инспекторы Бибігүл Қамзинаның сөзін келтіреді.

Аға инспектордың айтуынша, 2024 жылдың 18 наурызында оңтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы  балалар емдеу мекемесінің әкімшілігімен әңгімелесу кезінде туысы жеткіншекке азғындық жасағаны туралы фактіні анықтаған. Аталмыш жайт бойынша 124-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жасөспірім балалар көбінесе жақын ортадағы адамдар тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Мысалы,  биыл тіркелген 16 қылмыстың ішінде біреуі – әкесінен, екеуі – өгей әкесінен, біреуі – анасымен бірге тұратын ер адамнан, біреуі – көршісінен және сегіз бала достары мен таныстарынан  жәбір көрген. Тек біреуі ғана бейтаныс адам болып шықты. Аталған бөгде адам – 80 жастағы зейнеткер алдау арқылы кішкентай балаларды шақырып, азғындық жасағаны анықталды. Аталған факті жоғалған балаларды іздеу барысында белгілі болды. Бүлдіршіндер табылып, қылмыскер ұсталды.  Айта кетерлігі, барлық тіркелген қылмыстар ашылып, кінәлі адамдар жазалануда", - дейді ол.

Бұдан бөлек, 12 ақпанда Ақсу қаласының полиция қызметкерлері Ақсу қаласының әйелдер консультациясын тексеру барысында 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің жүктілігін анықтаған. Осы жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында бұл іске Ақсу қаласының 17 жастағы тұрғынының қатысты бар екені анық болды. Қылмыстық іс тараптардың татуласуы себебінен тоқтатылды. Екі жасөспірімнің де ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: