Теміртауда түнгі төбелес кезінде бір жігітке оқ тиген
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде түнде көшеде оқ атып, қарумен жүгіріп жүрген ер адамдардың видеосы тараған еді. Видео сипаттамасында бұл оқиғаның Теміртау қаласында болғаны айтылады. Бұл деректі ҚР ІІМ растап, аталған факті бойынша үш адамның ұсталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының ауруханасына оқ жарақатымен 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген болатын.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.
"Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласының тұрғынына қатысты қару қолдану арқылы бұзақылық әрекет жасаған 27-31 жас аралығындағы үш адам ұсталды", делінген полиция хабарламасында.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Басқа ақпарат тергеу құпиялылығына сәйкес жариялауға жатпайтыны ескертіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript