Жаңалықтар тізбегі
0

Саунадағы балалар лагері: Алматыда атышулы іске қатысты сот үкімі жарияланды

Сот үкімі, Алматы, саунадағы балалар лагері, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 18:11 Сурет: Zakon.kz
Алматыда қолайсыз жерде балалар лагерін ұйымдастыру фактісі бойыншабілім басқармасының қызметкері мен кәсіпкерге қатысты сот үкімі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс Медеу ауданының №2 аудандық сотында қаралды. Экс-шендіге пара алды деген айып тағылса, ал кәсіпкер алаяқтық бабы бойынша жауапқа тартылды.

Сотта Алматы қаласы білім басқармасының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бас маманы бола тұра, шенді кәсіпкерден пара алу мақсатында, оның екі ЖШС-сын ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп таныған.

"2023 жылдың жазында Н. "Ж" МК-ның 50 баласын өзінің жеке мектебіне орналастырған. Сол күні, ол балалар лагерін ұйымдастырған болып "Д" фитнес-орталығы бар монша кешеніне 300 баланы орналастырған. Балалардың ата-аналары және "Ж" МК-нің қызметкерлері жеке мектеп пен фитнес-сауықтыру кешені бар моншаның балалардың демалыс орнына айналғанын біліп, балаларын үйлеріне алып кеткен. М-ның және Н-ның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан балалардың және ерекше күтімді қажет ететін балалардың жазғы демалысы бұзылып, олар қолайсыз жағдайда, бейтаныс адамдардың арасында болған", делінген сот хабарламасында.

Экс-шенді кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды сұрады. Сотталушы кәсіпкер өз кінәсін толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Прокурор сотталушы М.-ға 7 жыл, сотталушы Н.-ға 5 жыл бас бостандығынан айыру жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен Алматы қалалық білім басқармасының қызметкері өзінің қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу жазасы тағайындалды.

Кәсіпкерге аса ірі мөлшерде алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық әрекетін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: