Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде балаларын қараусыз қалдырған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Қараусыз бала, Ақтөбе, ішімдікке салынған әйел, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 22:58 Сурет: gov.kz
"Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысы прокуратурасымен құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері құрамында ведомствоаралық тобы құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мобильдік топтар ата-аналары азғындық өмір салтын ұстанатын, алкогольдік ішімдікке салынған, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын отбасыларды тұрақты негізде аралайды", делінген ресми хабарламада.

Ақтөбе қаласының прокуратурасымен 5-14 жас аралығында кәмелетке толмаған балалардың анасы алкогольдік ішімдікке салынып, өз балаларын қараусыз қалдырғандығы анықталды. 

"Қалалық қадағалау органының талабы бойынша оны әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін оған қатысты медициналық куәландыру жүргізілді. Қазіргі таңда, барлық бала "Аяла" орталығына орналастырылып, оларға педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді. Аталған дерек бойынша балалардың анасын ата-ана құқығынан айыруға тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинақталуда". Ақтөбе облысының прокуратурасы

Осы бағыттағы комиссия жұмысы жалғасуда әрі ол облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында екені де нақтыланады.

Айта кетсек, 2024 жылы 5 сәуірде Қарағанды облысында екі және төрт жастағы бүлдіршіндерін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды. Кейіннен оның психиатриялық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: