Алаяқтар тағы да Тоқаевтың атын жамылып, желіде жұртты алдауға көшкен
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерінде алаяқ брокерлер иемденген ақшаны қайтарып беретін фишингтік сайттардың жарнамасы көбейді. Қаскөйлер апелляциялық шағым түсірсеңіз, қаражатты бірнеше күннің ішінде қайтаруға болатынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ жарнамада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданған зардап шеккендерге қаражатты қайтару бағдарламасы туралы да айтылады. Мұның бәрі фейк.
Сурет: stopfake.kz
Мұндай жарнамалардың мақсаты бір – пайдаланушылардың жеке деректеріне қол жеткізу.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың алаяқтардың құрбаны болған азаматтарға көмек көрсету жөніндегі арнайы бағдарлама әзірлеу туралы тапсырмасы да ойдан шығарылған. Мемлекет басшысының ресми сайтында мұндай мәлімет жоқ", деп жазады Stopfake.kz.
Алаяқтар өз сайттарында чарджбэк процедурасын іске қосуды ұсынады.
Бұл банк картасы бойынша келіспеген төлемдерді даулау. Яғни, пайдаланушы өзінің жеке деректерін қалдырады. Бірақ бұлай жасауға болмайды.
Айта кетсек, алдында Петропавл тұрғыны өзіне қоңырау шалған алаяқ қалай ренжіп қалғанын айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript