Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде Тоқаевтың атымен байланысты тағы бір фейк жарнама пайда болды

Фейк, әлеуметтік желі, Қасым-Жомарт Тоқаев, төлем, инвестициялық жоба, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 19:54 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаев "Қарашығанақ мұнай" компаниясының директорымен бірге іске қосқан платформаның жарнамасы тарауда. Оған кез келген қазақстандық инвестиция құя алады, ал Қаржы министрлігі тұрақты төлемдер жасап тұруға кепілдік беретін көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президентінің ресми сайтында мұндай платформа туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ Қазақстанда "Қарашығанақ мұнай" деп аталатын компания тіркелмеген, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Ашық мәліметтерге сәйкес, Қарашығанақ кен орны Petroleum Operating B. V компаниясына тиесілі, оның қатысушылары итальяндық ENI, голландиялық Shell, америкалық Chevron және т.б. шетелдік компаниялар болып табылады.

ҚР Қаржы министрлігі Қазақстанның барлық азаматтарына тұрақты төлемдер төленетініне кепілдік беретіні туралы ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі жоққа шығарды.


"Желіде Қазақстан Республикасы азаматтарының дивиденттер төленетін бір инвестициялық платформаға қатысуы туралы ақпарат тарады. Постта Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Е.Жамаубаевтың суреті тіркелген. Бұл ақпараттың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Е.Жамаубаевқа қатысы жоқ. Оны алаяқтар жасаған, бұл - фейк ақпарат. Мұндай сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз". ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: