56 млн теңгенің контрабандасы бойынша күдікке ілінген ер адам Түркиядан Қазақстанға жеткізілді

Экстрадициялау, күдікті, Түркия, Алматы, экономикалық контрабанда, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2024 21:29 Сурет: polisia.kz
Қазақстан ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша түрік әріптестерімен бірлескен әрекет барысында және ҰҚК мен ҚР елшілігінің қолдауымен "қызыл бюллетень" бойынша халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол экономикалық контрабанда жасағаны үшін іздеуде жүрген еді.


"Ол өзінің заңсыз іс-әрекеттерімен 56 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді. Белгілі болғандай, 2017 жылы күдікті және басқа да адамдар Қазақстан Республикасының аумағынан Түркия Республикасына бағалы металл – алтынды заңсыз әкеткен. Ер адам  көліктегі полиция департаментінің бастамасымен ұсталды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазіргі таңда ер адам депортацияланып, Алматыда қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: