Алматы облысында полицейді жаралаған тиран еркек оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды
Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 17 сәуірде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында әйелінің басына әңгір таяқ ойнатқан ер адам полиция қызметкерлеріне қарай оқ атқан. Оқыс оқиғаның егжей-тегжейін Zakon.kz сайтына облыстық полицияның баспасөз қызметі баяндап берді.
Учаскелік инспектор жергілікті тұрғынның шақыртуы бойынша оқиға орнына келді. Ол өзін күйеуі сабап жатқанын айтып шағымданған.
Полицейлер ашуға мінген ер адамды әңгімеге тартқан кезде ол күтпеген жерден үйден қару алып шығып, оқ атқан.
"Салдарынан полиция қызметкері оң қолынан жарақаттанды. Жараланғанына қарамастан тәртіп сақшысы ер адамды ұстап, қолындағы қаруын тартып алды". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Тәртіп сақшылары ұсталған адамның мас болғанын және өзіне де, айналасындағыларға да зиян тигізу қаупі жоғары болғанын нақтылайды.
"Ұсталған күдіктінің іс-әрекеті құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтиды".Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript