Алматы облысында жаппай төбелестен оқушы қаза болды
Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында алдымен жаппай төбелес болып, артынша 17 жастағы жігітке оқ тиіп, қаза болды.
Жасөспірімнің мәйіті Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінен табылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 22. адамды ұстаған.
Олардың 9-ы қамауға алынды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ал оқ атылған қару күдіктілердің бірінің әкесіне тиесілі екендігі анықталып отыр.
Облыстық полиция департаментінің дерегінше, сот медициналық сараптама тағайындалды.
Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабымен іс қозғалған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript