Жаңалықтар тізбегі
0

Ардагер спортшы министрлікті сотқа беріп, алтын медалдарына тиесілі төлемге қол жеткізді

Ардагер спортшы, Туризм және спорт министрлігі, соттасу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2024 09:39 Сурет: diapazon.kz
Ардагерлер санатында өнер көрсетіп, әлем чемпионаттарында алтын медаль жеңіп алған 67 жастағы Бөгежан Аманбаев спорттық жетістігі үшін өзіне тиесілі төлемдерге соттасу арқылы қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Гір көтеру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бөгежан Аманбаев 2021 жылы Будапештте 65-69 жас аралығындағы әлем чемпионатына қатысты. Ол 32 елден келген гіршілермен бақ сынасып, үш алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Аманбаев 2022 жылы Нью-Делиде өткен әлем чемпионатына қатысып, мұнда да екі рет жоғары марапатқа ие болды, деп жазады "Диапазон" басылымы.

"Ардагерлер арасындағы әлем чемпионы Туризм және спорт министрлігіне осы екі әлем чемпионатында алған бірінші орын үшін ақшалай сыйақы төлеуді талап етіп, екі  арыз түсірді. Спорт саласының шенеуніктері бұған дейін оған төлемдер беруден бас тартып, оны әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне төлемдер жас лимитімен реттелетінін түсіндірген. Сот ісін қарау барасында министрлік өкілі талапкердің ардагер спортшы екенін, яғни спорттық мансабын аяқтағанын жеткізді. Ал нормалар бойынша ардагер спортшыларға төлем берілмейді", делінген хабарламада.

Бөгежан Аманбаев ведомствоның мұндай шешімімен келіспей, жарыстарда құрама сапындағы спортшыларымен теңдей өнер көрсеткенін, Қазақстан туының астында ел абыройы үшін тер төккенін, өзінің қол жеткізген алтын медальдары жалпы медальдық есепте ескерілгенін мәлімдеді.

"Екі талап бойынша да соттар спорт министрлігі өкілінің төлемнен бас тарту туралы дәлелдері жеткіліксіз деп шешті, ал ережелерде ардагерлердің төлем алуға құқығы жоқ екендігі еш жерде көрсетілмеген. Нәтижесінде соттар талапкердің пайдасына шешім шығарып, Қаржы министрлігіне ардагер спортшыға Венгрия мен Үндістандағы әлем чемпионаттарында алған алтын медалдары үшін тиісті төлемдерді төлеуге міндеттеді", деп жазады басылым.

Үкіметтің 2020 жылғы қаулысы бойынша олимпиадалық емес спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында бірінші орын алған спортшылар 2,3 мың доллар көлемінде төлем ала алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: