Желіде "қызметтік көліктегі махаббат" видеосы тарады: СҚО-да полицей жұмыстан қуылды
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде тараған "қызметтік көліктегі махаббат" видеосынан кейін полицей жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында селкілдеген полиция көлігі жанынан өтіп бара жатқан ер адам оның ішіне үңіліп, жағасын ұстаған. Сөйтіп болған оқиғаны видеоға түсіріп алған.
Видеода көліктің артқы орындығында отырған жалаңаш адамды көруге болады.
СҚО полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты Zakon.kz редакциясы жолдаған сауалға жауап берді. Видеодағы қызметкер қызметтік тексеруден кейін жұмыстан қуылғаны белгілі болды.
"СҚО ПД аудандық полиция бөліміне 44 жастағы ер адам полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты арызданды. Жүргізілген қызметтік тексеру барысында қызметтік тәртіпті өрескел бұзу, сондай-ақ құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық фактісі анықталды. СҚО ПД бастығының бұйрығымен бұл қызметкер ІІО-дан босатылды". СҚО ПД
Сондай-ақ, бірқатар басқа қызметкерлер, соның ішінде аудандық бөлімше басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бір күн бұрын Шымкентте жалған полицейлер ұсталғаны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript