Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің жаңа ережесі әзірленді
Құжаттағы мәліметке сәйкес, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларына мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы", мемлекеттік корпорацияның филиалдары, мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері, уәкілетті мемлекеттік орган, ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган, ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйым, электрондық іс макеті (бұдан әрі – ЭІМ) – Мемлекеттік корпорациямен "Е-макет", электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ).
Ақшалай өтемақы алуға құқығы бар азаматтар ақшалай өтемақы
тағайындау үшiн мемлекеттік
корпорацияның бөлімшесіне "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген
құжаттарды қоса бере отырып, өтінішпен жүгінеді.
Ақшалай өтемақыны тағайындау үшін өтінішті және құжаттарды үшінші адамдардың ұсынуы ақшалай өтемақы алуға құқығы бар адамның нотариус немесе наториаттық іс-әрекет жасайтын лауазымды адам куәландырған нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады. Нотариат куәландырған сенімхат сканерленеді және мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады, содан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
Ақшалай өтемақыны тағайындау үшін қажетті құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері салыстыру үшін беріледі. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынғанда өтініш берушіге тиісті
құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Өтініш беруші ақшалай өтемақы тағайындау үшін мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінгеннен кейін мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінің маманы өтініш берушіде тағайындау немесе төлем тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына тексеруді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен тиісті төлем тағайындау немесе ақшалай өтемақы тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде өтініш берушіге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Ақшалай
өтемақы тағайындау туралы өтініштер мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде төлемдерді тағайындау туралы
азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналдарында тіркеледі.
Өтініш мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде тіркелген күннен бастап ЭІМ және тиісті электрондық шешім жобасы қалыптастырылады, ақшалай өтемақының мөлшері есептеледі және мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады.
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған ақшалай өтемақының мөлшерін есептеудің, шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан кейін ЭІМ өтінішті қабылдау күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорация бөлімшесімен Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияның филиалы келіп түскен ЭІМ мен шешім жобасын үш
жұмыс күні ішінде қарайды, есептеудің және шешім жобасын ресімдеудің
дұрыстығын тексереді, содан кейін оларды ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі
уәкілетті органға жібереді. Бұл ретте шешім жобасы мемлекеттік корпорацияның филиалы басшысының
ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады.
Мемлекеттік корпорация филиалынан құжаттарды алғаннан кейін ақшалай
өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бөлімінің (басқармасының) маманы
төрт жұмыс күні ішінде:
- мемлекеттік корпорация филиалынан келіп түскен электрондық шешім жобасы бар ЭІМ-ді қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
- мемлекеттік корпорацияның филиалына электрондық шешім жобасы бар ЭІМ-ді: мемлекеттік корпорация жіберген қателіктер анықталғанда, жете ресімдеу үшін – бес жұмыс күні;
- ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе дәлелдейтін құжатты (құжаттарды) сұрау қажет болған кезде – жете ресімдеу үшін отыз күнтізбелік күні мерзімге қайтарады.
Ақтау туралы анықтамаларда бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колониясы" деп аталатындарда) тартылған уақыты туралы ақпарат жеткiлiксiз көрсетiлген жағдайда ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар прокуратура органдарының архивтерінен қосымша анықтамаларды сұратып алады.
Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдардың болған мерзiмi, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колониясы" деп аталатындарда) тартылған уақыты көрсетiлген, ақталғанын растайтын анықтама келiп түскен кезде ақталуы туралы бұрын берiлген анықтама ақшалай өтемақы тағайындауға негiз болып табылады.
Тағайындауға құжатты (құжаттарды) қайта ресімдеу қажеттігі туралы хабарлама, себебін көрсете отырып, мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органнан тағайындауға құжатты (құжаттарды) жете ресімдеу қажеттігі туралы хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мобильді телефонына осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысанда sms-хабар алған күннен бастап жиырма бес күнтізбелік күні ішінде ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органнан тағайындауға құжатты (құжаттарды) жете ресімдеу қажеттігі туралы хабарламада көрсетілген қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушінің мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді. Sms-хабарлар sms-хабарлардың электрондық журналында тіркеледі.
Өтініш беруші қосымша құжаттарды ұсынғанда мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі көзделген тәртіппен ЭІМ-ді дайындайды.
Егер мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне электрондық шешім жобасы
бар ЭІМ келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күні ішінде қажетті
құжаттар қайта ұсынылмаса, ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті
орган қолда бар құжаттар бойынша ақшалай өтемақы тағайындау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі
талаптар бойынша
тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінен ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға құжаттар мен шешім жобалары келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде:
- ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның маманы ЭІМ дұрыс ресімделсе ақшалай өтемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады және автоматты режимде ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді;
- ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бөлімінің (басқармасының) басшысы электрондық шешім жобасы бар ЭІМ-ті қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді) және қателер болған жағдайда электрондық шешім жобасы бар ЭІМ-ті мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне көрсетілген мерзімдерде жете рәсімдеу үшін қайтарады.
- ЭІМ ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бөлімінің (басқармасының) басшысы ақшалай өтемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады және автоматты режимде ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;
- ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның басшысы ақшалай өтемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім шығарады, ЭЦҚ арқылы куәландырады және қабылданған шешімді автоматты режимде мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.
ЭЦҚ-мен куәландырылған кезде ақшалай өтемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне автоматты түрде жіберіледі. Ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарда көзделген негіздер бойынша ақшалай өтемақыны тағайындаудан бас тартады.
Ақшалай өтемақыны тағайындаудан бас тарту негіздері анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігін көрсету үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді. ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш беруші әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау нәтижелері бойынша ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ҚР ӘРПК 74-бабына сәйкес тыңдау хаттамасын әзірлейді және ақшалай өтемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанда ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген ЭІМ мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қайтарылады.
Ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органының ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген тағайындаудан бас тарту туралы электрондық хабарламасы мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш беруші өзі жүгінген кезде ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тарту жөнінде қабылданған шешім туралы хабарламаны немесе ақшалай өтемақы тағайындау туралы хабарламаны береді. Хабарламалар журналға тіркеледі.
Ақшалай өтемақы тағайындауға өтінішінде өтініш беруші мобильді телефон нөмірін көрсеткенде ақшалай өтемақының тағайындалу (тағайындалмауы) туралы хабарлама sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушінің мобильді телефон нөміріне автоматты түрде жіберіледі. Sms-хабарлар осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлардың электрондық журналында тіркеледі.
Өтініш беруші ақшалай өтемақыны тағайындаудан бас тарту себептерін
жойғанда, өтініш беруші белгіленген тәртіппен ақшалай
өтемақыны тағайындау үшін қайта жүгінеді.
Ақшалай өтемақыны төлеу тәртiбi
Ақшалай өтемақылар төлеудi мемлекеттік корпорация ақшалай өтемақы беру жөнiндегі уәкiлетті ұйымдар арқылы ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілетті органдардың шешiмiне сәйкес өтініш берушілердің банк шотына есептеу жолымен жүзеге асырады. Егер ақшалай өтемақы есептелген, бiрақ ақталған адам қайтыс болуы себебiнен алынбаған жағдайда өтемақының тағайындалған сомасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлерiне төленедi.
Мемлекеттік корпорация ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті
орган қабылдаған шешімдердің негізінде бес жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақының тағайындалған сомаларын бюджет қаражатының
қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді, ол төлеу айының алдындағы айдың
27-күніне ай сайын уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылады.
Уәкілетті мемлекеттік орган төлеуге арналған бюджет қаражатына қажеттілікке сәйкес есепті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында көзделген сомалар шегінде бюджет қаражатын мемлекеттік корпорацияға аударуды жүзеге асырады. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алғаннан кейін төлем графигіне сәйкес ақшалай өтемақы төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.
Алушыларға ақшалай өтемақыны төлеу бойынша өзара қарым-қатынас, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзгеше белгілемесе, мемлекеттік корпорация мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттар негізінде регламенттеледі. Ақшалай өтемақы төлеумен байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Құжат 15 мамырға дейін қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.