Жаңалықтар тізбегі
0

АМТ заңгерінің өлімі. Сот үкімінің күші жойылып, қылмыстық іс қайтадан қаралатын болды

Ирина Эм, АрселорМиттал Теміртау заңгері, Қарағанды облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 20:20 Сурет: Facebook/Ирина Эм
Сот "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының заңгері Ирина Эмді өлтіру күдігімен сотталғандарға қатысты алдында шыққан үкімнің күшін жойып, қылмыстық істі қайтадан қарауға жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылы 3 мамырда Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады:

"Қарағанды облыстық сотымен Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 16 ақпандағы Ж., Р.-ға қатысты үкімінің күші жойылды және қылмыстық іс өзге құрамдағы алдын ала тыңдау сатысынан бастап сол сотқа жаңа қарауға жіберілді".

Бірінші сатыдағы сотта іс алқабилердің қатысуымен қаралды, олардың үкімімен мынандай айыптау үкімі шығарылды: 

  • Ж. 99-бабының 2-бөлігі 7) тармақшасы, 202-бабының 2-бөлігі 1), 5) тармақшалары, 58-бабының 4 бөлігі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
  • Р. ҚК-нің 99-бабының 2-тармағының 7) тармақшасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 17 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
"Бірінші сатыдағы сот Ж., Р. "АрселорМиталл Теміртау" АҚ-ның заңгері Э-ны өлтіргені үшін, ал Ж-ны өлтірілген адамның пәтеріндегі мүлкін ірі көлемде қасақана өртегені үшін соттады. Апелляциялық сатыға іс сотталғандардың апелляциялық шағымдарымен келіп түсті. Сот алқасы сот үкімін апелляциялық тәртіппен қайта қарау кезінде үкімнің сипаттамалық бөлігінде сотталған Ж-ның өртеуге бағытталған ниетінің көрініс таппағаны, яғни ол мұны не үшін жасағаны көрсетілмегені анықталды".Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес, сотталушының қандай да бір қылмыс жасауға бағытталған ниеті дәлелдеуге жатады, өйткені ол қылмыстың субъективті жағының элементтерінің бірі болып табылады.


"Үкім шығару кезінде процедуралық бұзушылықтарға жол берілгенін, екі қылмыстың да бір-бірімен тығыз байланысты екенін ескере отырып, бір қылмыс екіншісінен туындайтындықтан, сот алқасы үкімді толығымен жойып, істі жаңа қарауға жіберді", делінген сот хабарламасында.

Айта кетсек, 2023 жылдың 23 сәуірінде Шахтинск қаласында өртенген пәтерден "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының заңгері Ирина Эмнің денесі табылғаны белгілі болды. Кейін полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның көршісі мен танысын ұстады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: