"DamuBala" бағдарламасы: Шымкентте қос басқарманың бұрынғы басшылары жауапқа тартылды

Үйірме, DamuBala бағдарламасы, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 21:18 Сурет: gov.kz
Шымкент қаласының прокуратурасы "DamuBala" бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтіру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатыстыра алмау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Прокурорлық қадағалау актісімен бұзушылықтар жойылды, 111 кәсіпкер мен 1 инвестор 2023 жылғы тамыздан бастап damubala.kz платформасында бұрын кезекте тұрған 4 276 кәмелетке толмаған балаға қызмет көрсете бастады", делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2024 жылы сәуір айынан бастап 125 кәсіпкер қызмет көрсету үшін шығармашылық үйірмелерге қатысу бойынша damubala.kz платформасына 5 000 баланы (ваучерлерді) кезекке қоюға мүмкіндік берілген.

"Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 234-1-б. 2-б. бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 369 200 теңге көлемінде айыппұл төленді және жауапты қызметкерлер тәртіптік жауаптылыққа тартылды". Шымкент қаласының прокуратурасы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: