Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда үш күн ішінде мас күйінде рөлге отырған 39 жүргізуші ұсталды

Мас жүргізуші, Алматы, Құқықтық тәртіп, рейд, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2024 20:38 Сурет: pexels
Оңтүстік астанада "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Үш күннің ішінде полицияның алдыңғы шептегі және жедел бөлімшелері "ізін суытпай" 67 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 36 қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қоғамдық тәртіп" іс-шарасының үш күнінде іздеуде жүрген 9 адам ұсталды.


"1 973 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Атап айтқанда: 58 ұсақ бұзақылық, 308 алкогольдік ішімдіктерді ішу, 227 тыныштықты бұзу, 166 кәмелетке толмағандардың кешкі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы, 401 тіркеусіз тұру және т.б.". Алматы қалалық ПД

Сондай-ақ, шаһар жолдарында мас күйінде болған 39 жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, жедел жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында 10-20 мамыр аралығында Алматы қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: