Жаңалықтар тізбегі
0

Үш жасар қызға зорлық жасау дерегі: Ақтөбе облысы ПД сараптама қорытындысын жариялады

Полиция, Ақтөбе облысы, үш жасар қыздың зорлануы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 19:48 Сурет: ҚР ІІМ
2024 жылдың 14 мамырында Ақтөбе қаласындағы емдеу мекемесіне облыс тұрғыны үш жасар баланы жыныстық зорлық-зомбылық іздерінің бар-жоғына тексеру жүргізу туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осы өтініш бойынша жедел-тергеу тобының оқиға орнына дереу шығуы қамтамасыз етілді. Қылмыстық іс тіркеліп, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілді. Сот-медициналық сарапшының алдын ала мәліметтері бойынша, жас баланың жыныс органдарының аймағында дене жарақаттары жоқ. Сонымен қатар, қылмыстық іс полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Оқиғаның барлық мән-жайлары мұқият тексерілуде.

"Барлық тергеу шаралары процессуалдық прокурордың қатысуымен жүргізіледі", делінген ресми хабарламада.

Тергеу полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.

Айта кетсек, 15 мамырда әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы тұрғынының үндеуі пайда болды. Ол өзінің үш жасар қызының зорлағанын мәлімдеді. Әйел арыз жазғанын, алайда қаскөй полицей болғандықтан жазадан сытылып кетуі мүмкін екенін де айтады. Облыстық полиция департаменті күдікті ұсталғанын, қазір тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы кейінірек жарияланатынын хабарлаған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: