Қанат Таймерденовтың ұсталғаны рас па – Бас прокуратура жауабы

Қанат Таймерденов, Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 18:58 Сурет: gov.kz
ҚР Бас прокуратурасы бүгін, 2024 жылы 28 мамырда Алматы қаласы полиция департаментінің (ПД) бұрынғы бастығы Қанат Таймерденовке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас құзырлы орган Алматы қаласы полиция департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы түрлі Telegram арналарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін нақтылайды.

"Осыған орай, Бас прокуратура көрінеужалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады", делінген ҚР Бас прокуратурасы хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: